Skip to main content
  • Русский
  • Kazakh
Басты бет
infs.kz - Автомобильный сайт Казахстана

Основная навигация каз

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Іс-шаралар
  • Мақалалар
  • Іздеу
  • Байланыстар

Breadcrumb

  1. Басты бет

Қазақстанда жолда электр көлігін қуаттандыратын станциялардың желісі көптеп ашылып жатыр

By root on 10.09.2026

Бүгінгі таңда еліміздің негізгі автомобиль бағыттарының бойында Қазақстанның 13 өңірінде орналасқан 62 электр көліктерін қуаттандыру станциясы (ЭҚС) жұмыс істейді. Оларды дамыту өңірлер арасында қатынайтын электромобиль иелері үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Станциялардың ең көп саны Алматы мен Жамбыл облысында – 12-ден, сондай-ақ Ақмола мен Қарағанды облысында – 8-ден орналасқан. ЭҚС Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облысында да жұмыс істейді.

Атап айтқанда, желі елдің әртүрлі көлік бағыттарын қамтиды. Мысалы, «Астана – Алматы» автожолында 13 станция, «Астана – Петропавл» бағытында 7, «Алматы – Өскемен» трассасында 6 станция орналасқан.

Халықаралық көлік дәліздері бойында зарядтау инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолы бойында 19 электр зарядтау станциясы орнатылған.

Орнатылған ЭҚС-тардың қуаты 60-тан 320 кВт-қа дейінгі аралықты құрайды. Бұл электромобиль иелеріне негізгі республикалық және халықаралық бағыттар бойынша сапарларын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

ЭҚС желісін одан әрі кеңейту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылға арналған жоспарда халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 27 жаңа автожанармай құю станциясын салу көзделген, ал электр көліктерін қуаттандыру станцияларын сол жоспарланған нысандарда орналастыру қарастырылған. Мысалы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында 7 ЭҚС орнату жоспарлануда.

Көлік министрлігі жол саласындағы ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа объектілер салу және қолданыстағыларды Ұлттық стандарттың талаптарына сәйкестендіру мәселелері бойынша жол бойындағы сервис нысандарының жеке инвесторлары мен иелерімен жұмыс жүргізуде.

Теги
электрозарядная станция
электрозарядная станция
10.09.2026

Қазақстанда жолда электр көлігін қуаттандыратын станциялардың желісі көптеп ашылып жатыр

Бүгінгі таңда еліміздің негізгі автомобиль бағыттарының бойында Қазақстанның 13 өңірінде орналасқан 62 электр көліктерін қуаттандыру станциясы (ЭҚС) жұмыс істейді. Оларды дамыту өңірлер арасында қатынайтын электромобиль иелері үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған...

Популярные материалы

  • Категории водительских прав в Казахстане
  • Налог на транспорт в 2025 году и плата налога онлайн
  • Как правильно хранить шины
  • Инфосистема техосмотра в Казахстане
  • Световые приборы спереди и сзади

Выбор редакции

  • Платные дороги в Казахстане. Оплата онлайн
  • Система охлаждения двигателя

Полезные ссылки

Познавай и развивайся вместе infd.kz
Англоязычный авто обозреватель
Проверить автомобиль по VIN-коду
Автомобильные новости Казахстана
Карта ограничения дорожного движения
Глобальный картографический каталог
Статистика: дорожно-транспортные происшествия

Отзывы по качеству рекламы пишите на infs.kz@mail.ru

Инфопартнеры

 

 

Информация на сайте не является публичной афертой.

 

2014-2026