Skip to main content
  • Русский
  • Kazakh
Басты бет
infs.kz - Автомобильный сайт Казахстана

Основная навигация каз

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Іс-шаралар
  • Мақалалар
  • Іздеу
  • Байланыстар

Breadcrumb

  1. Басты бет

Биыл Қазақстанда 6 жаңа ақылы учаскені енгізу көзделген

By root on 23.04.2026

Шекаралық инфрақұрылымды дамыту аясында Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерімен автомобиль өткізу пунктілерін жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2028 жылға дейін 37 пунктіні жаңғыртуды жоспарда бар. 2025 жылдан бері 14 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 5 пунктіде жүк көліктеріне арналған сервистік аймақтар салынуда. Қалған 23 өткізу пунктілері бойынша дайындық жұмыстары басталды. Бұл жайлы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Сонымен қатар ақылы автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі таңда ел аумағында жалпы ұзындығы 4 900 шақырымды құрайтын 26 ақылы жол учаскесі бар. Биыл қосымша жаңа 6 ақылы учаскені енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ ақылы жолдарда ақаулар анықталған жағдайда жол жүру ақысын уақытша тоқтату нормасы енгізілді. Қазіргі таңда 15 учаскеде жарықтар мен ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр»,-деді спикер.

Айта кетерлігі, республикалық маңызы бар автожолдар желісінде 1500-ға жуық жол бойындағы қызмет көрсету нысандары орналасқан. 2026 жылы жеке инвестициялар есебінен қосымша 37 жаңа нысан ашу жоспарлануда. Оның ішінде: 27 жанармай құю станциясы және 10 тамақтану пунктісі.

Жол пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 13 жаңа санитарлық торап орнату жоспарланған. Нәтижесінде республикалық автожолдар бойындағы санитарлық тораптардың саны 190 бірлікке жетпек.

Брифинг барысында Дархан Иманашев биылғы су тасқыны маусымын жол қызметі алдын ала дайындық жұмыстарының арқасында абыроймен алып шыққанын айтты. 2026 жылғы су тасқыны кезеңінде республикалық автожолдарда  5 су алу фактісі ғана тіркелді. Осыдан екі жыл бұрын 178 су алу фактісі тіркелген болатын. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 1000 бірлік техника және 1900 қызметкер жұмылдырылды. Шамамен 15 мың суөткізгіш құбырлар тазартылып, 86 мың текше метр инертті материал әзірленді.

Теги
автодороги
В этом году в Казахстане планируется ввести в эксплуатацию 6 новых платных участков
23.04.2026

Биыл Қазақстанда 6 жаңа ақылы учаскені енгізу көзделген

Шекаралық инфрақұрылымды дамыту аясында Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерімен автомобиль өткізу пунктілерін жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2028 жылға дейін 37 пунктіні жаңғыртуды жоспарда бар. 2025 жылдан бері 14 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 5 пунктіде жүк көліктеріне арналған сервистік аймақтар салынуда. Қалған 23 өткізу пунктілері бойынша дайындық жұмыстары басталды...
Казахстан может внедрить дроны для контроля качества автодорог
4.05.2026

Қазақстанда жол сапасын бақылау үшін дрондарды енгізу жоспарлануда

Қазақстанда автомобиль жолдарының жай-күйін бақылауға арналған жаңа буын ұшқышсыз ұшатын аппарат сынақтан өтті. DJI Matrice 400 дронының лазерлік лидармен жабдықталған мүмкіндіктері Ақмол – Воздвиженка – Талапкер облыстық маңызы бар автомобиль жолының учаскесінде көрсетілді. Бұл жаңашылдық жол төсеміндегі ақауларды автоматтандырылған түрде анықтауға бағытталған.

Популярные материалы

  • Категории водительских прав в Казахстане
  • Налог на транспорт в 2025 году и плата налога онлайн
  • Как правильно хранить шины
  • Инфосистема техосмотра в Казахстане
  • Световые приборы спереди и сзади

Выбор редакции

  • Платные дороги в Казахстане. Оплата онлайн
  • Система охлаждения двигателя

Полезные ссылки

Познавай и развивайся вместе infd.kz
Англоязычный авто обозреватель
Проверить автомобиль по VIN-коду
Автомобильные новости Казахстана
Карта ограничения дорожного движения
Глобальный картографический каталог
Статистика: дорожно-транспортные происшествия

Отзывы по качеству рекламы пишите на infs.kz@mail.ru

Инфопартнеры

 

 

Информация на сайте не является публичной афертой.

 

2014-2026